Аннапурна

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аннапурна - Гималай тауындағы биік шыңдар. Непалдың орталығында орналасқан тау тізбектерінен тұрады. Аннапурна Покхара тау тізбектерінің солтүстігінде батыстан шығысқа қарай созылып жатыр. Жанартау ошағы оңтүстігінде Аннапурнадан - 7219 м, Гангтан - 7647 м, Гангапурнадан - 7455 м, III Аннапурнадан - 7555 м, IV Аннапурнадан - 7525 м және II Аннапурнадан - 7925 м қашықтықта орналасқан. Аннапурна Гималай тау тізбектеріндегі Непалдың күріш қоймасы ретінде де белгілі. Аннапурна - Гималай ірі тау массивіне жатады. Ол ең биік таулардың тізімінде оныншы орынға ие. 1950 жылы Аннапурна алғаш рет әлемдегі биіктігі 8000 м-лік таулардың қатарына енгізілді. Аннапурна - санскрит атауы, мағынасы «асыраушы құдай» дегенді білдіреді. Аннапурнаның оңтүстік беткейіндегі базалық лагерь «Аннапурна пана орны» деген атпен белгілі. Аннапурна тауының батыс және солтүстік- батыс шатқалдарында мұздықтар ағады. Жорық жолы тау қыраттарының баурайында орналасқан. Аннапурнаның оңтүстік беткейі әлемдегі ең ірі әрі тік беткейлердің бірі болып саналады. Беткейдің өлшемі мен құрылысы ерекше. Аннапурна аймағы Кали Гандаки өзенінің Гималайды қиып өтетін тұсында, үлкен шатқалдың шығысында орналасқан. Таудың оңтүстік беткейі Эверест тауының оңтүстік-батыс беткейімен салыстырғанда 914 м-ге биік. Аннапурна ең биік таулардың тізімінде оныншы орынға ие. Аннапурна Гималайдағы биіктігі 8000 м шыңдар арасындағы ең алғаш танылған шың болып табылады.

Сурет:Annapurna Massif Aerial View.jpg
Аннапурна тауы (ұшақтан түсірілген)

Аннапурна жотасының басты шыңдары

Шыңдар Биіктігі,
м
Координаталары Алғашқы бағындыру
Аннапурна I (Негізгі) 8091 Үлгі:Coord 1950 жыл, французские альпинисті Морис Эрцог жіне Луи Лашеналь
Аннапурна II 7937 Үлгі:Coord 1960 жыл, Джимми Робертс бастаған британ-үнді-непал тобы, шыңды Ричард Грант, Крис Бонингтон және Шерпа Анг Ньима бағындырды
Аннапурна III 7555 Үлгі:Coord 1961 жыл, үнділік топ: Мохан Коли, Сонам Джиасто және Сонам Гирми
Аннапурна IV 7525 Үлгі:Coord 1955 жыл, Хайнц Стейнмец, Харальд Биллер и Юрген Велленкамп атты неміс альпинистері
Гангапурна 7455 Үлгі:Coord 1965 жыл, Гунтера Хаузера басқарған неміс тобы, 11 адам шыңға шықты
Оңтүстік Аннапурна 7219 Үлгі:Coord 1964 жыл, жапон тобы, шыңды С. Юео и Мингма Церинг бағындырды
Тиличо (тау) 7134 Үлгі:Coord 1978 жыл, Эмануель Шмутц (Франция) экспедициясы
Нилгири 7061 Үлгі:Coord 1962 жыл, Нидерландтық Гималай экспедициясы, басшысы — Лионель Террэ
Мачапучаре 6993 Үлгі:Coord Әлі бағынбаған. Жергілікті тұрғындар бұл жерді олардың Шива құдайларының үйі деп есептеп, оған табынады. Бұған шығуға тиым салынған<ref>Алматы: “Аруна” баспасы. 208 бет. Сер.:“1100 қызықты дерек”.</ref>

Галерея

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер