Анкилостомидоз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Анкилостомидоз - антропоноздық инфекциялық геогельминтозды ауру. Адамның жіңішке ішегіне паразиттік тіршілік етіп, темір жетіспеушілігі анемияның себебі болады. Екі бір-біріне клиникасы және эпидемиологиясы ұқсас гельминтозды біріктіреді: анкилостомоз және некатороз<ref name="ReferenceA">Ж.И. Возианова,Инфекционные и паразитарные болезни,Киев,Здоров'я,2000</ref>

Этиопатогенезы

Анкилостомоз қоздырушы — анкилостома (Ancylostoma duodenale; Dubini, 1843 г.), некатороз қоздырушы — некатор (Necator americanus; Stiles, 1902, 1903 жж.).

Анкилостомиды — ақшыл-қызғылт түсті майда гельминттер, ұрғашысының ұзындығы 10-18 мм, еркек дараларының ұзындығы — 8-11 мм<ref name="infectology.ru">Үлгі:Cite web</ref>.

Эпидемиологиясы

Жұқпалы аурудың ордасы - ауру жұқтырған адам. Ол адамнан сыртқа құрттың жетілмеген жұмыртқалары шығады. Жұмыртқалар топырақта, өсімдіктердің сабағында тіршілік етіп жетіледі де, адамға солар арқылы жұғады. Адамның терісін тесіп өткен<ref name="ReferenceA"/> дернәсіл қанға араласып, әуелі өкпеге, одан соң ішекке барады да, оның кілегей қабығына орнығып алып, адамның қанын сорады. Сосын құрттың жетілмеген жұмыртқалары үлкен дәретпен сыртқа шығады.

Көбіне Анкилостомидоз тропикалық және субтропикалық климатты елдерде тараған. Қоңыржай климатта жер астында, биік температура мен жоғары ылғалдық жерде жұмыс істейтін адамдарда кездеседі.

Клиникасы

Инфекцияланған адамның

  • 2-3 күннен кейін құрт кірген жері дуылдап қышу бастайды, орны ісінеді. Бұл белгілер 2 аптаға дейін болып, 2 аптадан кейін кетеді.
  • Сосын ауру жұқтырған адамда жөтел, қақырық түсу (кейде қан аралас), 38—40 градусқа дейін қызу болуы мүмкін.
  • Тұрақты көрсеткіш - 60 %-ға дейінгі гиперэозинофилия.
  • Қосымша әлсіздік, бас айналуы болуы мүмкін.
  • Әйелдерде - менструалдық циклының бұзылуы болуы мүмкін.
  • еркектерде - импотенция <ref name="ReferenceA"/>.

Егер де инвазия (интенситілігі) аз болса - бұл көрсеткіштердің бәрі болмауы да мүмкін.

Емдеу

  • Анемияға қарсы темір препараттары қолданады.
  • Дегельминтизацияны

Емделу эффектісі 80 %<ref name="russianmed.ru">Үлгі:Cite web</ref>

Қызықты дерек

  • БДҰ мәліметі бойынша дүние жүзінде 25 % адам анкилостомида жұқтырған.

Дереккөздер

<references/>

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998