Анемохория

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Анемохория (Үлгі:Lang-el - жел, сhоrео — таратамын) — өсімдік тұқымдарының жел арқылы таралуы; өсімдіктердің (спора, тұқым, жеміс) жел арқылы таралуы.

Споралы өсімдіктердің және саңырауқұлақтардың басты таралу әдісі. Жабық тұқымдыларда жемісі мен тұқымдары кеңістікке желдің көмегімен таралатындарға: көкбұғалар, орхидея, сұмқұла, алмұртшөптер, күрделігүлділер және күреңоттар тұқымдастары және т.б. жатады.<ref name="name">Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3</ref>

Анемохория жаңа немесе бұзылған жерде өсетін өсімдік түрлерінде кең таралған. Мысалы, күрделі- гүлділер тұқымдасына жататын көптеген өсімдіктердің (қалуен, тікенқурай, зиягүл, т.б.) тұқымдары түкпен (бақбақта парашют тәрізді болып келеді) қапталған. Ол тұқымның ауада қалықтап ұшып, едәуір қашықтыққа таралуын жеңілдетеді. Түктер үйеңкі (үйеңкі, көктерек) және шайқурай тұқымдарында дамыған. Терек тұқымы терек мамығын түзетіні белгілі. Дала және шөл өсімдіктерінің анемохориясына мысал ретінде шашақбас қаңбақты келтіруге болады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов.

– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Анемохория|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

en:Seed dispersal#Wind