Анекдот

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Анекдот (грек. anekdotos — жарияланбаған) — қысқа, күлдіргі әңгіме, халықтың фольклор жанры. Басты ерекшеліктері — баяндаудың шындыққа жанасымдылығынан гөрі, тапқырлық танытып, әдейі әзілдеп айту шеберлігі. Анекдот көбінесе нақты адамдар туралы айтылады. Олар екі сипатты, екі ниетті болып келеді. Бір тобы қоғам мүшелерінің жағымды бейнесін, моральдық, психологиялық биік қасиеттерін паш ету мақсатымен шығарылады. Олар ақыл-парасатпен айтылады, күлдіре отырып, қоғамдағы теріс құбылыстар мен адам бойындағы жағымсыз қылықтарды әжуалап, әңгімеге көңілді сипат береді. Мұның мысалы Қожанасыр, Алдаркөсе, Жиренше, Тазша бала есімдерімен байланысты анекдоттар. Екінші топтағы анекдоттар арам ниетпен, жат пікірмен, тарихи адамдарды кекету-мұқату мақсатымен, олардың рөлін, халыққа еткен еңбегін төмендету, халық сүйіспеншілігін, жастардың ықылас-еліктеуін әлсірету үшін айтылады. Оларда әлгі адамдар тұқыртылып, кездейсоқ ауызға ілінген етіліп көрсетіледі. Мұндай зиянды, астарлы анекдотттар өзіндік пікір қалыптастыруға жетпеген, саяси жағынан аңғырт, қоғамдағы азаматтық орнын түсінбейтін адамдарды теріс түсінікте қалдырып, дұрыс жолдан тайғызады.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}ar:نكتة