Андронов мәдениеті кезеңінің ескерткіштері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Андронов мәдениеті кезеңінің ескерткіштеріҚазақстан, Орта Азия, Сібір жерлерінен табылған қола дәуірі ескерткіштері

Алғашқы рет Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново деревнясында 1913 жылы Б.Г. Андрианов тапқан. 1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты. Ғылымда шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерін Андронов ескерткіштері деп атайды. Бұл атауды ғылыми айналымға 1927 жылы С. А. Теплоухов енгізген. Андронов ескерткіштері Қазақстан, Орта Азия, Сібір жерлерінен табылып отыр. Андронов мәдени-тарихи қауымның негізгі орталықтарының бірі Қазақстан аумағында болды.

Әшекей-бұйымдар

Қазақстан жерінде сол дәуірде мекендеген тайпалар арасында кеңінен тараған, әрі жоғары дамыған мәдениет түрі - сәндік әшекейлер көп кездеседі. Оған б.з.б VIII - VII ғасырлар аралығында жасалған шаш қыстырғыш пен білезік дәлел бола алады. Тек тіршілік қамы үшін ғана емес, әдемілік, әсемдік үшін де талпыныс бастауын сол дәуірден алады. Қола дәуірінің асыл бұйымы ретінде бізге жеткендердің ішінде пышақ пен қанжар да кездеседі. Бұлардың нақтылы қай жерден табылғаны және қайда сақтаулы тұрғаны жайында толық мәлімет бар. Мысалы, пышақ б.з.б X - VIII ғасырлар шамасында жасалған. Ол Солтүстік Қазақстан облысы Шағылын қыстағынан табылған. Қазір Алматы қаласындағы Археология мұражайында сақталған. Ал, қанжар б.з.б XIII - XII ғасырлар шамасында жасалған. Ол орталық Қазақстан аймағынан табылған. Алматыдағы Орталық Мемлекеттік мұражайда сақтаулы.

Ыдыстар

Сурет:Ggt.PNG
Андрон мәдениеті кезеңіндегі ыдыстар

Заттай деректер қола дәуірі тұрғындарының тұрмыс-салтынан бізге мағлұмат береді. Мысалы, жоғарыдағы жалпақ ыдыс Орталық Қазақстандағы Қотанемел бейітінен табылған. Шамамен біздің заманымыздан бұрынғы XIV - VIII ғасырлардың бұйымы. Осы мәнерде жасалған ыдыстар қазақ жеріндегі көне қорым, қалалардан көп табылды. Ал мына суреттегі ыдыс Шығыс Қазақстандағы Бесқұдық бейітінен табылған. Шамамен біздің заманымыздан бұрынғы XIV - XIII ғасырларда жасалған. Ыдыстың сыртындағы безендірілу мәнері кейінгі дәуірлердегі бұйымдарда да кездеседі. Біздің ата-бабаларымыз тұрмыста қажетті түрлі ыдыстарды жасап, оны пайдаланумен қатар, оған талғаммен қарап, безендіре отырып, өнер туындысын жасағанын осы бұйымдар дәлелдейді. Ыдыстардың түрлі формада жасалып, ерекше өрнектермен әшекейленуі арғы ата-бабаларымыздың талғам деңгейінің биіктігін байқатады.

Мына аузы тар әшекейлі ыдыс - соның бір дәлелі. Бұл ыдыс Орталық Қазақстандағы Бегазы бейітінен табылған. Шамамен, біздің заманымыздан бұрынғы X - VIII ғасырларда жасалған. Шындығында ыдыстың түрі, оның безендірілуі қолөнердің сол дәуірдің өзінде жақсы дамығанын көрсетеді.

Егіншілік

Сурет:Wortandybulak.JPG
Андрон мәдениеті кезеңіндегі құрал-саймандар

Көне дәуірдегі тайпалардың егіншілікпен айналысқанын көрсететін көптеген құрал-саймандар қазақ жеріндегі ескі қоныс орындарынан табылуда. Кетпен немесе шот суармалы егіншілікпен айналысатын адамдардың құралы. Сыр өңіріндегі, жалпы, қазақ даласындағы егіншілікпен айналысудың өте ертеде басталғанына осы бұйымдар дәлел бола алады. Қола дәуірінде өмір сүрген тайпалардың тұрмыс-тіршілікте пайдаланған құрал-саймандарының бір түрі - шапашоттар. Бұл Жетісу өңірінен табылған шапашоттар біздің заманымыздан бұрынғы X - VIII ғасырларда пайдаланылған. Бұл құрал-саймандар ерте жасалса да сапасы өте жоғары. Шапашотты жасауға жұмсалатын металды ерекше шеберлікпен балқытып, пайдаланған. Бұл құрал-саймандар да Жетісу өңірінен табылған. Шамамен, біздің заманымыздан бұрынғы X - VIII ғасырларға жатады. Бұл дүниелер мыс қорыту және қола құю кәсібінің сол дәуірдің өзінде дамығанын көрсетеді. Сондай-ақ, бұл саймандар сол дәуірде қолөнердің дамығанын байқатады. Бұл құрал-саймандарды өнер туындыларын ретінде де тануға болады.<ref>Қазақстан балалар энциклопедиясы.Ежелгі Қазақстан</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер