Андрей Павлович Соколов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Хоккейші Андрей Павлович Соколов (22 қаңтар 1968, Өскемен, Қазақ КСР) — қазақстандық және ресейлік хоккейші, қорғаушы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазақстан құрамасының ойыншысы. Қазіргі уақытта жаттықтырушы.

Өмірбаяны

Өскемен шайбалы хоккейінің тәрбиеленушісі, жаттықтырушысы - Владимир Гольц.

Ол бүкіл мансабын «Торпедо» (Өскемен) және «Металлург» (Магнитогорск) клубтарында өткізді. 2005 жылы хоккей мансабын аяқтағаннан кейін ол бапкерлікке ауысты. 2005-2007 жж. «Металлург-2» (Магнитогорск) үлестес клубының жаттықтырушысы, 2007 жылдан бастап - «Металлург» негізгі командасының жаттықтырушысы.

Қазақстан құрамасының құрамында Олимпиада ойындарына және бес әлем чемпионатына қатысты.

Ұлы Константин - хоккейші, Ханты-Мансийскінің «Югра» шабуылшысы.

Жетістіктері

  • 1998 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ширек финалисті
  • Екі мәрте Ресей чемпионы (1999, 2001).
  • 2004 жылғы Алтын дулыға иегері.
  • Ресей чемпионатының күміс жүлдегері (1998, 2004).
  • Ресей чемпионатының қола жүлдегері (1995, 2000, 2002).
  • 1998 жылғы Ресей кубогының иегері
  • Еуролиганың екі дүркін чемпионы (1999, 2000).
  • Қазақстан чемпионы (1993, 1994)
  • 1991 жылғы қысқы Универсиаданың күміс жүлдегері.