Андрей Андреевич Дячкин

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Дячкин Андрей Андреевич (1930 жылы туған) - график-суретші. Қондырғылы және кітап графикасы, экслибрис саласында жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Ол Абайдың лирикасы бойынша «Күз» тақырыбын шығармаларына арқау етті. Алғашқы еңбегі 1960 ж. (қағаз, көмір), келесісі - Жидебайдағы «Абайдың бейіті басындағы ескерткішін» 1968 ж. (қағаз, линогравюра, Семейдегі Абайдың әдеби-мемориалдық мұражай қорығында) және екі рет 1971 ж. (қағаз, офорт, акватинта) жазды. Алғашқы 2 еңбек автордың жекеменшігінде, үшіншісі мерейтойға арналған «Абай» атты альбомға енді.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті Үлгі:Суретсіз мақала