Ангола туы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Байрақтар Ангола мемлекетіның мемлекеттік туы 1975 жылдың 11 қарашашында тәуелсіздік алғаннан кейін қолданысқа енгізілді.Ту жоғарғы жағы қызыл, ал төменгі жағы қара екі бөліктен құралады.

Тарихы

Африканың басқа да елдерінің туы секілді Ангола туы басқарған партияның туының түрлендуінен пайда болған.Партизан қозғалысы, содан кейін Анголаның тәуелсіздігі жолындағы ұлттық қозғалысы (МПЛА) ортасында алтын жұлдыз орналасқан тудың дизайнын қолданды.Қызыл түс социализды, қара түс Африканы білдірсе, ал жұлдыз МПЛА-ға демеу көрсеткен Кеңес одағының жүлдызының үлгісі болып табылады.

Кейінірек 2010 жылдың 5 ақпанында Ангола конституцяиясында ту төмендегідей суреттелді: «Мемлекеттік ту жоғарғы жолағы қызыл түсті, төменгі жолағы қара түсті екі жолақтан құралған алтын түстес тіктісті доңғалақ, мачете және жұлдыз орналаслуы тиіс.

  • қызыл түс — отаршылық қысым, азаттық жолындағы күрес және отанды қорғау кезінде анголалықтардың қанын;
  • қара түс — Африка құрлығын білдіреді.
  • тіктісті доңғалақ — жұмысшылардың және өнеркәсіп өндірісінің нышаны.
  • мачете — ауыл шаруашылық және қарулы күштің нышаны.
  • жұлдыз — халықаралық ынтымастақтық пен ілгеріліктің бейнесі.
  • алтын түстес — мемлекет байлыығын көрсетеді.

Жаңа тудың жобасы

2003 жылы Ангола парламенті жаңа тудың жобасын қабылдауға ұсыныс жасады.Пропорциясы 2:3 жаңа тудың жобасы көлденең орналасқан бес жолақтан құралады.Жоғарғы және төменгі қою көк түсті жолақ бейбітшілік, әділдік және ынтымақтастықты білдіреді.Аралықтағы ақ түсті жолақтар татулық және бірліктің нышаны.Ал ортадағы қызыл жолақ тұрақтылық, ерлік және азаттық жолында қаза тапқан құрбандарды білдіреді. Ортаңғы қызыл жолақтың ортасында тарихи және мәдени ерекшеліктің белгісі — 15 сәуле таралған, үш шоғырлас шеңберлерден құралған сары күн бейнеленген.Анголадағы Намибе ауданында, Читундо-Хулу (Үлгі:Lang-pt) үңгірінде орналасқан неолит дәуірнің жартасқа салынған суретінің көшірмесі еді. <ref>Angola - proposal for a new flag</ref> Алайда, Конституциялық ассамблея және Конституциялық трибунал 1975 жылғы туды өзгеріссіз қалдырды.

Gallery

Дереккөздер

Үлгі:Reflist

Сыртқы сілтемелер