Ангола ақпарат агенттігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ангола ақпарат агенттігі (АНГОП) (Agencioa Angola Press - ANGOP) - Үкіметтік ақпарат агенттігі. <ref> "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>.1975 жылы қарашасында негізі қаланды. Луанда орналасқан.

Ангола баспасөзі мен радио және теледидарының негізгі ақпарат көзі болып табылады. Халықаралық ақпаратты ИТАР-ТАСС, жаңалықтар ақпарат агенттігі, Пренса Ла-тана, АДН, АФП, АНСА, АПС, АИМ, АНОП, ТАНЮГ, Рейтер, ЭФЭ және т.б. агенттіктерімен келісімшарт негізінде бірлесе отырып қызмет жасау барысында меншікті тілшілерінен және шетелдік тілшілерден алады. Күніне 15-20 мың сөз ақпарат таратады.

Шетелге ақпаратты португал, француз, ағылшын және испан тілдерінде береді. Түрлі ақпараттық бюллетеньдер шығарады. Агенттік штатын 340 адам құрайды. Елдін 18 шет аймағында 15 тілшілер пункті және шетелдерде - Португалияда, Ұлыбританияда, Бразилияда тілшілер пункті бар.

Координациялық комитеттің Пулына еңбеген ақпарат агенттіктеріне және жалпы африкалық Пана ақпарат агенттігіне мүше.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}