Ангина

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ангина (Аnginа —тұншықтыру, кысу) — баспа, ангина. Жұткыншақтың лимфа — аденоидтық шеңберінің, негізінен бадамша безінің жедел инфекциялық қабынуы. Баспа, ангина (латынша ango — қысамын, тұншықтырамын) — көмейдегі бадамша бездерінің қабынуынан болатын жұқпалы ауру. Оның қоздырғышы — стрептококк бактериясы. Баспа адам организмінің түрлі жұқпалы вирустарға қарсы тұру қабілеті төмендегенде, суық тигізгенде, дәрумендер жетіспегенде, шаршағанда пайда болады. Баспа — бадамша бездерінің ісініп, жұтқыншақтың қызаруымен басталады; тамақ құрғап, жұтындырмайды. Тамақ бездері ісініп, қол тигізбей ауырады. Дене қызуы көтеріліп, бас ауырады, буын сырқырайды, адам дел-сал болып әлсірейді. Ауру асқынғанда бадамша бездері қабынып, ақшыл сары ірің пайда болады. Баспаны дер кезінде емдемесе, ортаңғы құлаққа өтуі мүмкін. Мұндай Баспа өзінен-өзі жарылады, кейде оған операция жасауға тура келеді. Баспаның жедел өтетін және созылмалы түрлері бар. Баспаны емдемесе, ауру бүйрекке, жүрекке, т.б. органдарға шабуы мүмкін. Сондықтан Баспаның алғашқы белгісі білінісімен дәрігерге жедел көрініп, созылмалы түрге өткізбей емделу қажет. Б-мен ауырғанда міндетті түрде жатып емделу, тамақты жылы ұстау, мезгіл-мезгіл сұйық тағам ішу, жылы компресс қою, жиі-жиі тамақты сода, тұз ерітінділерімен шаю, антибиотиктер ішу қажет. Баспаның алдын алуда дене шынықтырудың, спортпен шұғылданудың маңызы зор.<ref>Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ангина|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

ar:التهاب اللوزتين az:Angina be:Востры танзіліт be-x-old:Востры танзіліт bg:Ангина ca:Amigdalitis cs:Angína da:Halsbetændelse de:Tonsillitis dv:ޓޮންސިލް ދުޅަވުން el:Αμυγδαλίτιδα en:Tonsillitis eo:Tonsilito es:Amigdalitis et:Angiin eu:Amigdalitis fa:ورم لوزه fr:Angine hi:गलगुटिकाशोथ hr:Tonzilitis id:Radang amandel io:Tonsilito it:Tonsillite ja:扁桃炎 ko:편도염 nl:Tonsillitis pl:Angina pt:Tonsilite qu:Amuqlli unquy simple:Tonsilitis sr:Упала крајника sv:Halsfluss ta:அடிநா அழற்சி tr:Tonsilit uk:Гострий тонзиліт yi:אנגינע zh:扁桃體炎