Ангидрит
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ангидрит – сульфаттар класына жататын минерал. Химиялық формуласы СаSО4. Гипстің сусыз түрі. Құрамында 41,2% СаО, 58,8% SО3 бар, стронций қоспа ретінде жиі кездеседі.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref> Суды сіңіргенде көл. 30%-ға дейін ұлғайып, гипске айналады. Ромбылық сингонияда кристалданады. Түсі ақ, кейде көгілдір, сұр, қызғылт болып келеді, түссіз мөлдір түрлері сирек кездеседі, шыныдай жылтыр. Қаттылығы 3 – 3,5, меншікті салмағы 2,8 – 3,0 г/см3. Климаты құрғақ аймақтарда суы тартылып келе жатқан көлдерде, тұз кендерінде химиялық шөгінді түрінде түзіледі. Құнды кристалдарынан ұсақ әшекейлі бұйымдар жасалынады. Негізінен цемент өндірісінде пайдаланылады.<ref>Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том;</ref>
Ангидрит -
- Минерал, СаSO4. Каттылығы 3-3,5. Сулы ерітінділердің тұнбаға түсуі немесе гипстің сусыздануы нәтижесінде қалыптасады. Беткейлік жағдайда оп-оңай-ақ сумен қанығады, сөйтіп әуелі жартылай гидратқа (СаSO4 х Н2O) , кейінірек гипске (СаSO4 х 2Н2O) айналады. Бұл процесс нәтижесінде оның көлемі 30-40 % (пайызға) ұлғаяды.<ref>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің, орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Казакстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов. — А.: АРНGroup, 2000. — 328 бет.</ref>
- Көлемінің 50 %-ы немесе одан да көп мөлшері аттас минералдан тұратын тау жынысы. Әдетте тұз түзетін алаптарда қалыптасады. Тұзды
қабаттар мен күмбездер қимасында ізбестастармен, доломиттермен және тұздармен алмасқан күйде ұшырасады. Мұнай — және газкіріктіруші қабаттарда екі ұдай роль атқарады: қуыстылығы және өтімділігі қанағатганарлың жағдайда олар жинауыш (коллектор) рөлін атқаратын болса, аталған сипаттардың төмен дәрежесінде қақпақ (флюидоупор) рөлін атқарады.
- Жаратылысы. Ангидрит шөгінді тау жыныстарының арасында кездеседі. Сирек те болса гидротермалық.
Ангидрит цемент өндірісінде, басқа құрылыс істерінде гипспен қатар қолданылады.
- Кендері. Ангидрит біздіц елімізде Батыс Уралда, Архангельск, Вологодск, Куйбышев облыстарында, Донбаста кездеседі.<ref>Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69</ref>
Дереккөздер
<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}