Ангара

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Өзен Ангара (бур. - Ангар мүрэн) <ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> — Ресей Федерациясының Красноярск өлкесі мен Иркутск облысындағы өзен.

  • Енисейдің (Енесай) оң жақ саласы.
  • Ұзындығы 1779 км, су жинау алабының ауданы 1039 км2.
  • Байкал көлінен бастау алады.
  • Өзенге бөгендер көп салынған.
  • Құяр сағасына таяу жерде Енисей бұйратын кесіп өтеді; аңғарының ені 3-4 км.
  • Басты салалары: Іркіт, Китой, Ақсу, Ока, Ия, Илим, Чадобец.
  • Байкал көлінің және қар, жаңбыр суларымен толысады. Иркутск қаласы тұсындағы көпжылдық орташа ағыны 1700 м3/сек.
  • Братск СЭС-і маңында 2900 м3/сек.
  • Төменгі ағысында қараша айының 1-жартысында, Братск бөгенінде желтоқсанда мұз қатады; мамырдың 1-жартысында мұзы ериді. Өзен арқылы Иркутскіден Байкалға және Братск СЭС-іне дейін тұрақты кеме қатынайды.
  • Басты порттары: Иркутск, Ангарск, Братск. Өзеннен шоқыр, бекіре, хариус, елец т.б. балықтар ауланады.

Галерея

Дереккөздер

<references/>