Ана-ал Хаққ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ана-ал Хаққ - сопылық терминдегі «Мен Хақпын» сөзі. Бұл сөз Халлаж ал-Мансұрға тән. Мұның бірнеше жорамалы бар. Біреулері Халлаж рухани елту кезінде, яғни сакр хәлінде сөйлеген, саху хәліне келгенде (айыққан соң) бұл сөзінің қате екендігін мойындаған десе; екіншілері бұл сөзді фана хәлінде айтқандықтан, ол Халлажға емес Хаққа тән десе; үшіншілері Халлаж бұл сөзді Хақтан келген рухани шабыт ретінде баяндаған дейді. Аллаһтың «Мен - Хақпын» дегені сияқты төртіншілері де Халлаж «Мен - Анықпын», яғни Хақтың сипатының көрінісімін дегені еді десті. Халлаж өзін «Мен - Тәңірмін» деп жариялады дейтіндер де бар. (Қараңыз: «Халлаж ал-Мансүр», «Фана»),<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Аллаһ Тағала Құранда былай дейді: «Бұл өйткені, Аллаһ – Хақ. Күдіксіз Ол, өліктерді тірілтеді» (Хаж сүресі, 6-аят).

«Нақшбанди жолы» атты кітаптың 15 бетінде былай деп жазылған:

«Осы-аятты өмірінде бір-ақ рет оқыған адам аса жоғары дәрежені иемденеді… Ол адам пайғамбарлар мен әулиелер жете алмаған дәрежеге жетіп, тариғатымыздың имамы Әбә Йәзид әл-Бәстамидің деңгейіне көтеріледі. Әбә Йәзид әл-Бәстами ұстазымыздың өзі былай дейтін: Мен – Ақиқатпын (әл-Хақ)».

Жоғарыда келтірілген «Мен – Ақиқатпын (әл-Хақ)» сөзі – Аллаһтың Есімдері мен Сипаттарындағы ауытқушылық екені анық белгілі. Себебі әл-Хақ – тек Аллаһқа ғана тән сипат және бұл сөз жаратылыстарға «әбд» (құл) тіркесі арқылы жазылады. Сол себепті, кезінде әл-Халлаж есімді кісі өзін «Әнәл-Хақ» (Мен Хақпын) дегені үшін діннен шыққан кәпір ретінде өлім жазасына кесілген.[1]

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub