Анатолий Купчишин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Анатолий Купчишин - 1945 жылы 10 қарашада Украинаның Винницк облысы, Шаргородск ауданы, Слобода селосында туған. 1967 жылы ҚазМУ-дің физика-математика факультетін тамамдаған. 1967 —1970 жылдары Ядерлық физика кафедрасында аспирант болған. Әр жылдар да аға лаборант, ғылыми қызметкер, Қазақ мемлекеттік университетінде лаборатория меңгерушісі, физика факультеті деканының орынбасары, Абай атындағы ҚазПИ-дің ғылыми істер жөніндегі проректоры, кафедра меңгерушісі, физика-технологиялық орталықтың директоры, профессоры болып қызмет еткен.

2001—2008 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы мемлекеттік ұлттық университетінде проректор болып қызмет атқарған. Физика ғылымының докторы, профессор. Қазір Абай атындағы ҚазҰУ профессоры және ФТО директоры.Көптеген ән текстерінің авторы. 20-ға жуық өлең жинақтары жарық көрген.

6 монография, 10 оқу-әдіс-темелік құралдың, 800-ге жуық мақаланың авторы. Еңбектер3 халықаралық басылымдарда жарияланып тұрады. Халықаралық Академияның Жоғарғы Ғылымдар мектебінің мүшесі (академигі) (1995), Қазақстан Жоғарғы Мектеп Ғылым Академиясының бас ғылыми хатшысы (1995), ҚР Кіші Ғылым Академиясының президенті. Халықаралық журналдар редакциясының мүшесі. ҚР ҒА суперидея байқауының 1 жүлдегері.

«Құрмет» орденімен (2007), «ҚР Парламентіне 10 жыл» медалімен марапатталған. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері». Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}