Анатолий Гладких

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Анатолий Гладких (22.9. 1938 жылы, Челябі облысы, Агапов ауданы, Еленинка ауылы) — байланысшы.<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.</ref>. Новосібір электротехникалық байланыс институтын бітірген (1965).

Еңбек жолы

Еңбек жолын 1960 жылы радиоорталығының монтерлігінен бастаған. 1968 жылы Шығыс Қазақстан облыстық радиотелевизия орталығының инженерлігінен, осы орталықтың бастығы лауазымына дейін өскен. Зырян, Шемонаиха аудандарына телевизия хабарларын жеткізуде, Өскемен-Солдатов, Өскемен-Самара радиорелелі желілерін монтаждауға, оларды ретке келтіруге қатынасқан. Оның басқаруымен "Экран", "Москва", "Жарық" атты ғарыштық жүйелер орнатылып, іске қосылған.

Марапаттары

"Еңбектегі ерлігі үшін", "Еңбек ардагері" медальдарымен марапатталып, КСРО "Құрметті радисі" атағы берілген.

Дерекөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}