Анатолий Владимирович Бычков
Үлгі:Кинематограф Анатолий Владимирович Бычков (20 шілде 1929, Павлодар обл. Ақсу қ. - 11 желтоқсан 1997, Алматы) — композитор, Қазақстанның халық артисі (1986).
Өмірбаяны
Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) (Е.Г. Брусиловскийдің сыныбы бойынша) бітірген (1955).
1955 - 1962 ж. Алматы муз. училищесінде, 1962 жылдан Алматы консерваториясында пед. қызметтен (проф., 1982) шұғылданды.
1968 - 1973 ж. Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының тәрағасының орынбасары.
Жазған музыкалары
Бычков "Дала арайы" (1967, Е.Рахмадиев және Г.И. Гризбилмен бірге) операсы, "Сәкен туралы аңыз" симф. поэмасы (1963), "Ақын әні" (1958, сөзі Жамбылдікі), "Соғысәндері" (1967), "Жоқтау" (1975) атты симф. оркестрге арналған вокалдық және хор циклдерін, ән-романстарын, т.б. муз. шығармалары "Бұл біздің ұлымыз" (1958), "Тыныштық" (1959), "Ана туралы аңыз" (1962), "Ботагөз" (1967), т.б. кинофильмдердің музыкасын жазды.
Фильмографиясы
Композитор ретінде
- 1957 - Ботакөзде
- 1959 - Бұл біздің ұлымыз
- 1959 - Тыныштық
- 1965 - Еңлікгүл шешек атқанда
- 1967 - Арман-атаман
- 1967 - Жаз ортасындағы қар
- 1971 - Біз төртеуміз
- 1974 - Бұлақ
- 1975 - Гауһартас
- 1977 - Тел өскен ұл
- 1980 - Мінезі қиын балалар
- 1982 - Мен сіздің туысыңызбын