Анар Абайханқызы Мұқашева
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Ғалым Анар Абайханқызы Мұқашева — заң хылымының докторы (2010).
Өмірбаяны, еңбек жолы
1973 жылы 11 қыркүйекте Семей қаласында туған.
Қазақ ұлттық университетін (1995) жылы бітірген.
2004-10 жылдары Семей мемлекеттік педагогикалық институтында доцент, Қазақ гуманитарлы-заң инновациялық университетінің кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2010 жылдан Еуразия ұлттық университетінде кафедра меңгерушісі.
Ғылыми бағыты, еңбектері
Негізгі ғылыми бағыты – Қазақстандағы су мәселесін зерттеу.
"Теоретические и методологические проблемы водного права Республика Казахстан в современных условиях" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
50-ден астам ғылыми еңбектің, 6 оқулық және оқу-әдістемелік құралдың авторы.
Марапаттары
- Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2009);
- Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>