Анаркүл Бекмырзақызы Салқынбай
Үлгі:Ғалым Анаркүл Бекмырзақызы Салқынбай — филология ғылымының докторы (1999), профессор (2002).
Мазмұны
Өмірбаяны, еңбек жолы
1962 жылы 22 тамызда Қызылорда облысы, Шиелі ауданында туған.
ҚазМу-ды (1985, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) және аспирантурасын (1991) бітірген.
1985-87 жылдары Алматы қаласындағы Республикалық музыка мектебінде оқытушы, 1991-2002 жылдары Қазақ ұлттық университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент, 2002 жылдан профессор, мемлекеттік тіл кафедрасы меңгерушісі.
Ғылыми бағыты, еңбектері
Негізгі зерттеулері қазақ тілінің тарихына, сөзжасам жүйесіне, көне түркі ескерткіштерін ұлттық дүниетаныммен байланыстыра қарастыруға, қазақ мәдениетінің әлем мәдениетіндегі орны мен ерекшелігін, тіл мен мәдениеттің байланысын, тілде сақталған рухани мәдениеттің маңызы мен ұлттық дүниетанымды қалыптастырудағы рөлін анықтауға, қазақ тілінің тарихи дамуы мен онтологиясын зерделеуге, сөз мағынасы мен семантикасын талдауға арналған.
"Тарихи сөзжасам. Семантикалық аспект" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
17 монографияның, оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.
Марапаттары
- Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы (2007);
- ҚР БҒМ-нің мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері (2008-2010, 2011-2013).<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>