Анамнез

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Анамнез - адаммен тиімді жұмысты ұйымдастыру мақсатында әртүрлі әдістермен алынған ол жөніндегі мағлұматтардың жиынтығы. А. ең алғашында медициналық психологияда қолданылған болатын. Психологияның осы саласының өкілдері кездің өзінде объективтік А. – ауру адамның айналасындағы адамдардан алынатын мағлұматтарды және субъективтік А. – ауру адамның өзінен алынатын мағлұматтарды бөліп көрсеткен. Қазіргі кезде А. ұғымы медициналық психология шеңберінен шығып, ауру процесімен байланысынан босап, адамның жеке-дара даму тарихы деген ұғымның синонимі ретінде қолданылады. Анамнез ұғымының медицинадан алынуы, оның әдістерінің психологияға тікелей ауысуы қажет деген сөз емес. Мысалы, мектеп психологі баламен жұмыс жасағанда, ол жөнінде негізгі ақпаратты жақындарынан, ең алдымен ата-аналарынан алады. Психологияда анамнездік мағлұматтарды алудың бірнеше түрлері бар: Объективті анамнезде мектеп психологі бала жөніндегі мәліметті ата-анасынан, мұғалімінен және т.б. жақын адамдарынан алады. Субъективті анамнезде әңгімелесу баланың өзімен өтеді. Қосымша ақпараттарды – құжаттар, медициналық карталар, мінездемелер, ведомостар, оқу үлгерімі, күнделіктер, баланың іс-әрекет нәтижелерін зерттеу. Тәжірибелі психологтың негізгі міндеті – психикалық дамудың бегілі бір жолын анықтайтын факторларды, яғни бала өмірінің мәнді оқиғалары мен жағдайларын және олардың психиканың өзгеруіне әсер ету дәрежесін табу. .<ref>О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сілтеме

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Анамнез|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}