Аналитикалық функцияның тармағы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аналитикалық функцияның тармағы - берілген аналитикалық функцияның, жинақталу радиусы r>0 болатын ∏(a, z) = <math>\sum_{k=0}^\infin c_\nu(z-a)^\nu</math> дәрежелік қатары ретінде анықталған элементінің кешен С жазықтығында берілген D аймағына, енетін барлық жолдар бойынша аналитикалық жалғастарының нәтижесі.

Сонымен, aналитикалық функцияның тармағы ∏(a, z) элементі және D аймағы арқылы анықталады. Есептеу барысында тек қана бірмәнді, немесе регулярлы аналитикалық функцияның тармағы қолданылады. Толық аналитикалық функцияның анықталу аймағына енетін кез келген D аймағы үшін аналитикалық функцияның тармағы бар бола бермейді. Мысалы, нақты өстің теріс бағыты бойынша қиылған G=C/{z=x:-∞<x≤0} кешен жазықтығында (аймағында) көпмәнді w=Lnz функциясының регулярлы болатын аналитикалық функцияның тармағы бар, ол w = lnz = ln|z| + iargz, -π<argz≤π, логарифмнің бас мәні, ал D={z:1<|z|<2} сақинасында w=Lnz функциясының аналитикалық функцияның тармағы бөліп алу мүмкін емес.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Математика / 0-71 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007 жыл. - 192 б. ISBN 9965-08-339-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}