Америка дауысы радиостанциясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Америка дауысы радиостанциясыАҚШ-тың ең зор әрі қуатты радио станциясы. "Америка дауысы" арқылы жержүзіне көптеген хабарлар беріледі. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.</ref>.

Бұл станция ЮСИА жүйесіне қосылған. Сондықтан оның мүмкіндігі мол. Вашингтондағы орталықтарында 2300 қызметкері тіркелген. 950 қызметкері шетелдерде жұмыс істейді. Аптасына 850 сағат хабар 38 тілде беріледі, оның ішінде бұрынғы Кеңес одағы халықтарының 18 тілінде хабарлар жүргізілген.

"Америка дауысы" қарамағында 40 радиостанция бар. Олардың бәрі планетаның бес континентіне хабарлар береді. Уақыт өткен сайын радиостанцияның жұмыс стилі де өзгеріп отырады. Мәселен, үздіксіз хабарлар ұйымдастырумен бірге, жаңалықтар беру бұрынғыдай бір сағатта емес, енді әрбір сағат сайын беріліп тұрады.

Дерекөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}