Америкалық шіріме

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Америкалық шіріме.Ауру қоздырғышы бірінші рет осы континентке анықталғандықтан осылай аталған. Бұл ауруға шалдыққан ара ұрықтары есейіп қуыршақалды (предкуколда) немесе қуыршақ (куколка) стадияларына ауысатын кезеңінде жаппай қырылады.

Қоздырғышы

Қоздырғышы – Bac.liarve микробы. Ауру көбінесе жаздың екінші жартысында оңтүстік, оңтүстік-шығыс облыстардың омарталарында жиі ұшырасып, едәуір экономикалық зиян келтіруде. Індет көзі - ауырған немесе өлген личинкалар. Ауру бір личинкадан екіншісіне ұя тазалаушы, қоректендіруші аралар арқылы, сондай-ақ омартаға адасып енген аралардан, «барымташы» аралардан, әр түрлі жәндіктерден, паразиттерден сондай-ақ ауру ара семьяларынан алынған кәрез, көзгенектерді сау ұяларға қоюдан, омарташының немесе тексеруші мамандардың қалай болса солай жұмыс салдарынан жұғады.

Аурудың белгілері

Бұл ауру ұрғашы, еркек және жұмысшы аралардың личинкаларына бірдей залалын тигізеді. Микроб ұяға түскен соң өсіп-өнеді де бір жеті-он күннен кейін кәрез ұяшаларының әр жерінде бірлі-жарым ұяшаның жабылмағаны, немесе аралардың кеміріп ашып тастағаны, сондай-ақ ішінде өліп жатқан өсіп қалған личинка байқалады. Осындай ұяшалар күннен күнге көбееді де, кәрез беті ала-құла болып, сау личинкалардың жас мөлшері біркелкі болмай шығады. Кейбір жабық ұяшалар ойыстанып, қақпақшасы 2-3 жерден тесіледі. Ауруға шалдыққан личинкалар сарғыш тартып білеуленіп, теңбілденбей қалады. Тіпті 2-3 күн өткен соң күңгірт тартып, қарая бастайды. Сыртқы терісі жыртылып, қоймалжың шірікке айналып, ұя түбіне жабысып қалады. Шығарғанда 5-10 сантиметрге дейін сағыздай созылып күлімсі иіс (ағаш желімі немесе шіри бастаған алманың иісі тәріздес) шығып тұрады.

Ауруды анықтау

Ауру тегін егжей-тегжейлі білу үшін кәрез бетінің ауырған личинкалар басым жерінен 10*15 см кесіп орамай жәшікке салып мал дәрігерлік лабораторияға жөнелтеді. Жолдама хатта материалдың қай кезде алынғаны, омартаның тұрған орны, ара семьясының номері, байқалған өзгерістер, шаруашылық аты, байланыс бөлімшесінің инексі көрсетіледі.

Емі, сақтандыру шаралары және санитарық бағасы

Егер америкалық шіріме бұл омартада тұңғыш рет, онда да бір ара семьясында ғана пайда болғаны анықталса, онда сол ұяның араларын күкірт түтіні немесе формалинмен уландырып өртейді. Ал ауру көптеген ара семьяларын қамтып, етек ала бастаса омартаны бір жылға карантинге жабады. Барлық ара семьяларын жаңа немесе зарарсыздандырылған таза ұяға көшіріп мынадай дәрілердің бірімен емдейді: норсульфазол натрий 1-2 г, сульфантрол 2,0 г, биомицин, неомицин, тетрациклин, эритромицин, окситетрациклин, мономицин, стрептомицин 500 мың, канамицин 400 мың, метицилин 350 мың ЕД өлшемімен алынып, 1 литр қант ерітіндісіне қосылады да қашан жазылғанша әр 4-5 күннен соң беріледі.Басқа омартадағы ара семьяларының балы сау болып есептеуге болады, оларды жеке арнайы орындарда сақтайды, аралардан бөлек. Осындай бал қыс кезінде тоқашнан және кондитерлік өнімдер өндірісінде қолданылады. Араларға осындай балды қоректендіруге болмайды. <ref>Семей мемлекеттік университеті ,«Өсімдік, балық және ара шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау», оқу әдістемелік кешені, ПОӘК 042-14-03.01.20.9/032012ж</ref>

Дереккөздер

<references/>