Аманулла-хан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Аманулла-хан (Үлгі:Lang-fa) (Үлгі:Lang-fa (01.06.1892, Пагман, Ауғанстан – 25.04.1960, Цюрих, Швейцария) — Ауғанстанның 10-шы әмірі, Ауғанстан королы (21.02.1919—14.01.1929).

Биографиясы

Сурет:Atatürk ve Amanullah Han.jpg
Аманулла-хан Түркияның бірінші президенті Мустафа Кемаль Ататюркпен, Анкара, 1928 ж.

Хабибулла-хан әмірдің баласы.

1919 ж. 21 ақпанда өкімет басына келісімен, Ауғанстанды тәуелсіз ел деп жариялады (28.02.1919 ж).

1919 ж. үшінші ағылшын-ауған соғысы бассталды. Нәтижесінде Англия 1921 ж. Ауғанстанның тәуелсіздігін мойындады.

Аманулла-хан мен В.И.Лениннің келісуі бойынша, 1919 ж. Ауғанстан мен Совет одағы арасында дипломатиялық қатынас орнатылды. 1921 ж. совет-ауған арасында бейтараптық сақтау, бір-біріне шабуыл жасамау тіралы шарт жасалып, 1926 ж. бекітілді. 1927—1928 жылдары Аманулла Үндістанға, Таяу Шығыстың бірқатар елдеріне, Батыс Еуропа елдеріне достық сапрымен барған. 1928 ж. Аманулла-хан КСРО-ға келіп қайтты.

Аманулла-хан жүргізген реформалар елдің бірлігін нығайтып, экономиканы дамытуға себепші болды. Сонымен бірге, салықтың көбеюі қарапайым халықта наразылық туғызды. 1928-1929 ж. ағылшындардың қолдауымен Бачаи Сакао үкіметке қарсы көтеріліс бастады. Нәтижесінде Аманулла-хан тақтан түсуге мәжбүр болды. Елден безіп, Италияда өмір сүрді. 1948 ж. Цюрихте қайтыс болды. Жалалабад қаласында (Ауғанстан) жерленді.

Сыртқа сілтемелер

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998