Амантай Біртанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Амантай Бiртанов (7.3.1945 жыл, Талас ауданы «Ойық» кеңшары - 07.12.2011) – дәрігер, қоғам қайраткері. Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері (1996). Қолданбалы экология, тіршілік қауіпсіздігі және тұрақтылығы академиясының академигі (1996).

Өмірбаяны

  • Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген (1970).
  • 1970–75 жылдары Алматы қаласындағы балалар ауруханасында хирург
  • 1975 – 80 жылдары Жамбыл облысындағы 2-балалар емханасының бас дәрігері.
  • 1980 жылы қайта ашылған Алматы облысының ана мен балаға арналған республикалық «Көктем» санаториясының Бас дәрігері. Республикада алғаш рет диспансерлік тіркеуде тұратын науқастарды жыл сайын «Космон» автоматты жүйесі арқылы тексерістен өткізіп тұруды енгізді.
  • 1991 жылдан Алматы қалалық Жедел жәрдем клиникалық ауруханасының бас дәрігері. Бiртановтың басшылығымен Алматыда тұңғыш (ТМД елдері бойынша) ақпараттық-кеңестік токсикология орталығы құрылды. Бұл орталық телефакс, радиобайланыс, компьютерлік және электрон поштасымен, «Интернет» желісімен жабдықталып, ғылыми-медициналық ақпараттық оқыту мекемесіне айналдырылды.

Жетістіктері

  • Бiртанов 1993 жылы АҚШ-тың Тусон қаласында өзара түсіністік меморандумына қол қоюға қатысты. Соның нәтижесінде «ТусонАлматы» әріптестік бағдарламасы жұмыс істейді.
  • Бiртанов АҚШ-тағы Денсаулықты басқару жөніндегі университет бағдарламалары ассосациясының мүшесі
  • Алматы қалалық әкімшілігі алқасының мүшесі
  • Алматы қаласы Мәслихатының депутаты болып қайта сайланды (2003).

Марапаттары

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}