Амантай Акрамұлы Әубәкіров

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Амантай Акрамұлы Әубәкіров (27 ақпан 1963, Алматы) — қазақстандық әскери қайраткер, полиция генерал-майоры (2010). ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының бірінші орынбасары.

Өмірбаяны

Амантай Акрамұлы Әубәкіров 1963 жылы 27 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген.

1984 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін құқықтанушы-заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы

Еңбек жолын 1980 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің тыңдаушысы болып бастаған.

1984-1991 жылдары — Алматы қалалық атқару комитеті ішкі істер басқармасының қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілі, аға жедел уәкілі, аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі болды.

1991-1995 жылдары — Алматы қаласы Алатау аудандық ішкі істер басқармасының бөлім басшысы, бөлім басшысының орынбасары, қылмыстық милиция бөлімінің басшысы болды.

1995 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейін — Алматы қаласы Алатау аудандық ішкі істер басқармасы басшысының бірінші орынбасары болды.

1995 жылдың желтоқсанынан 1997 жылға дейін — Алматы қаласы бойынша БСА Бас басқармасының Медеу ауданы бойынша БСА бөлімінің басшысы болды.

1997-2000 жылдары — Алматы қаласы Бостандық аудандық ішкі істер басқармасының басшысы болды.

2000-2001 жылдары — Алматы қаласы Медеу аудандық ішкі істер басқармасының басшысы болды.

2001-2003 жылдары — Алматы қаласы Ішкі істер Бас басқармасы қылмыстық полиция басқармасы басшысының орынбасары болды.

2003-2007 жылдары — Алматы қаласы Ішкі істер департаменті Қылмыстық полиция басқармасының басшысы болды.

2007-2009 жылдары — Алматы қаласы Ішкі істер департаменті басшысының бірінші орынбасары болды.

2009 жылдың қыркүйегінен 2011 жылдың шілдесіне дейін — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары болды.

2011-2017 жылдары — Астана қаласы Ішкі істер департаментінің басшысы болды.

2017 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың 3 қарашасына дейін — Павлодар облысы Ішкі істер департаментінің басшысы болды<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.

2019 жылдың 4 қарашасынан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарады<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Марапаттары мен атақтары

Отбасы

Үйленген, үш баласы, жеті немересі бар.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер