Аманжол Әлжанов
Аманжол Әлжанов (1902, Ақмола облысы Ерейментау ауданы Елтай ауылы - 1981, Павлодар қаласы) - ақын.
Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан.<ref>Қанжығалы шежiресi, Құрастырушылар Ғ.Умаров, Қ.Әлімжанов, бас редактор Негимов Серік 558 бет, Астана 2017 - ISBN 9786013026701</ref>
"Жер бөлісі", "Конфиске", "Байдың келініне", "Екпінді мен жалкаудың айтысы" деген өлеңдерінің авторы. 2-дүниежүзілік соғысы жылдары Жезқазғанда жұмысшы болған. Көркемөнерпаздар үйірмесіне басшылық еткен, патриоттық өлең жырлар шығарып айтты. Соғыстан кейінгі жылдары ақындар айтысына қатысты. Бекболат Меркемелиденовпен (1958), Таубай Қирабаевпен (1961), Боламан Қожабаевпен (1962), Желеу Жақыповпен (1965), Темірболат Байділдинмен (1966) айтысты. "Құдіретті елім бар", "Елу жылда ел жаңа", "Ұлы жеңіс", "Сәкеңді еске алу", "Әл-Фараби жерінде", "Сабан той" т.б. өлең-жырлары "тың өлкесі", "қызыл ту" газеттерінде жарияланды.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify