Аманжол Қазыбекұлы Жанқұлиев
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Аманжол Қазыбекұлы Жанқұлиев (20 қаңтар 1952, Шу ауданы, Жамбыл облысы, Қазақ КСР<ref>Аманжол Қазбекұлы Жанқұлиев Үлгі:Webarchive</ref>) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, дипломат, ҰҚШҰ Бас хатшысының орынбасары.
Өмірбаяны
1972 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтын француз тілі мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.
1973-1984 жылдары — Алматы облыстық ЛКЖО комитетінің нұсқаушысы, сектор меңгерушісі болды.
1984-1987 жылдары — КСРО сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясының тыңдаушысы болды.
1987-1989 жылдары — КСРО Сыртқы істер министрлігі Азиядағы социалистік елдер басқармасының екінші хатшысы болды.
1989-1992 жылдары — КСРО, Ресей Федерациясы Вьетнамдағы Елшілігінің екінші хатшысы болды.
1993-1995 жылдары — Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі болды.
1995-1996 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Еуропа елдерінің жетекші басқармасының кеңесшісі болды.
1996-1999 жылдары — Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігінің кеңесшісі болды.
1999-2000 жылдары — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Барлау» қызметінің директоры болды.
2001 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өңірлік қауіпсіздік мәселелеріне қатысты Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі болып тағайындалды.
2001-2003 жылдары — Тәжікстандағы Төтенше және Өкілетті Елші болды.
2003-2005 жылдары — Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елші болды.
2005 жылдың 6 қазанынан 2008 жылдың 6 ақпанына дейін — Франциядағы Төтенше және Өкілетті Елші болды.
2008 жылдың 6 ақпанынан 2009 жылдың 17 ақпанына дейін — Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Женева қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі болды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
2008 жылдың 4 маусымынан 2009 жылдың 17 ақпанына дейін — Швейцария Конфедерациясындағы және Лихтенштейн кінәздігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымын қатар атқарды.
2008 жылдың 14 қазанынан 2009 жылдың 17 ақпанына дейін — Швейцария Конфедерациясындағы және Ватикан Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымын қатар атқарды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
2009 жылдың 17 ақпанынан 2015 жылдың 24 ақпанына дейін — «Сырбар» Қазақстан Республикасы Сыртқы барлау қызметінің директоры болды<ref>«А.Қ.Жанқұлиевті Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметіне тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 17 ақпандағы № 741 Жарлығы. Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі.</ref><ref>Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты.</ref>.
Марапаттары
- I дәрежелі Даңқ ордені (2016)<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- II дәрежелі Даңқ ордені<ref>Накануне 20-летия Независимости страны Глава государства Нурсултан Назарбаев вручил в Акорде государственные награды Республики Казахстан и юбилейные медали «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл»Үлгі:Deadlink</ref>
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалі (2001)
- «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медалі
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі (2011)<ref>Накануне 20-летия Независимости страны Глава государства Нурсултан Назарбаев вручил в Акорде государственные награды Республики Казахстан и юбилейные медали «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл»Үлгі:Deadlink</ref>
- «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл» мерейтойлық медалі (1988)
Дереккөздер
- Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті түлектері
- Қазақстан мемлекет қайраткерлері
- Қазақстанның Тәжікстандағы елшілері
- Қазақстанның Түркиядағы елшілері
- Қазақстанның Франциядағы елшілері
- Қазақстанның Швейцариядағы елшілері
- Қазақстанның Лихтенштейндегі елшілері
- Қазақстанның Ватикандағы елшілері
- Шу ауданында туғандар