Аманжол күмбезтамы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Wikify


Үлгі:Ғимарат Аманжол күмбезтамыМаңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері

Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылынан 25 км оңтүстік бағытта орналасқан.

Кезеңі

1900 жыл.

Сипаты

1989 жылы "Қазжобалауқалпынакелтіру» институтының экспедициясы зерттеген. Күмбезтам 1 бөлмелі, күмбезді-орталықты, іргетассыз, 1 сатылы цокольдік бөлігі бар ғимарат. Өріп қалау жүйесі негізінде саз балшыққа шойтастарды, ал ішкі жағында өңделген жалпақ тастың тік қаланған қатарына көлденеңінен байланысатын тастары алма-кезек қойылған.
Пішіні сфераконусты, күмбезі шығыңқы қаланған, түзу дүмінен шеңберге ауысуы бұрыштанған сатылық тромп арқылы қаластырған.
Күмбездің оңтүстік жағында кішкентай жарық пен жел өткізер қуысы бар. Қабырғасының өзге жағына қарағанда, көтеріңкі тұсында жақтау және кең бейнелі сандрикпен қапталған тікбұрышты есік қуысы бар. Сырт қабырғаның үстіңгі жағы қуыс түрінде өсімдік өрнекті жалпақ бедерлі оюмен көркемделген. Қабырғасының солтүстік жақтағы бұрыштарының көтеріңкі келгені, оңтүстік жақ қабырғасының тұтас биіктігімен үйлескен кезде, кесененің көркі қазақтар үшін дәстүрлі рәсімдік құрылыстарға тән "төртқұлақ" пішінін береді.
Ішкі қабырғалары тікбұрышты қуыс қатарымен көркейтілген, едені қара жер. Күмбезтамның теріскей жағында шығыс-батыс осі бойынша қойылған 2 жерлеу орны бар. Материалы әкті-құмтас. Пішінінің көлемі 3,5×4,5 м, биіктігі − 7,5 м. Қабырғаларының кей жерінде қаптама тастар жоқ.<ref> М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер