Аманжол Жазыұлы Жазин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Аманжол Жазин.JPG
Аманжол Жазыұлы Жазин

Аманжол Жазыұлы Жазин (1943 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Новопокровка ауылы) – қоғам және мемлекет қайраткері. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын (1970), Жоғары партия мектебін (1985) бітірген. 1961 жылы Ерейментау стансасындағы тепловоз депосында машинистің көмекшісі, Қазақстан ҒА химия және металлургия институтында лаборант, Астрахан ауыл шаруашылығы механикаландыру училищесінде шебер, оқытушы (1962 – 66), «Целиноэнергоремонт» кәсіпорнында инженер (1966 – 75), Атбасар ауданы партия комитетінің хатшысы, Астрахан атқару партия комитетінің төрағасы, Теңіз ауданы партия комитетінің 1-хатшысы (1975 – 88), облысы экономика және сауда басқармасының орынбасары (1988 – 97), облысы тәртіпке шақыру Кеңесінің төрағасы (1997 – 2003), облыс мәслихатының хатшысы (2003 – 07) қызметтерін атқарды. 2007 жылдан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Құрмет» ордені және медальдармен марапатталған.<ref name="Source 1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Хоббиі

Хоббиі - оқу.

Сүйіп оқитын әдебиеті

Сүйіп оқитын әдебиеті - классика.

Отбасы

Үйленген. Жүбайы -Жазина София Ғазизқызы (1946 жылы туған). Ұлдары - Жазин Қаһарман (1968 жылы туған), Жазин Айдар (1973 жылы туған); қызы - Шорманова (Жазина) Әсел (1982 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Пайдаланылған cілтемелер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}



{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аманжол Жазыұлы Жазин|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}