Амандық Ғаббасұлы Баталов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Амандық Ғаббасұлы Баталов (22.11.1952 жыл, Өзбек КСР Нүкіс) - Алматы облысының әкімі, инженер-гидротехник.
Өмірбаяны
- Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын бітірген.
- 1981-1985 жылдары - «Алматыөңдеуқұрылыс» тресінің №37 құрылыс-монтаж басқармасында аға прораб, бас инженер, бастық.
- 1985-1987 жылдары - Қазақстан Компартиясы Ленин аудандық комитетінің нұсқаушысы
- Құрылыс және өндірістік құрылыс материалдары қызметкерлері кәсіподағы Алматы облыстық комитетінің хатшысы
- Қазақстан КП Алматы қалалық комитетінің құрылыс және қала шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы.
- 1987-1989 жылдары - құрылыс және өнеркәсіптік құрылыс материалдары облыстық комитетінің төрағасы.
- 1989-1991 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Іс басқармасының құрылыс, өнеркәсіп құрылыс материалдары бөлімінде жетекші маман, бас маман.
- 1991-1992 жылдары - ҚР Президенті аппаратында құрылыс, өнеркәсіптік құрылыс материалдары бөлімінің референті.
- 1992 жылы - «Құрылыс индустриясы және технология» концернінің вице-президенті.
- 1992-1994 жылдары - Алматы қаласы Калинин ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары, бірінші орынбасары.
- 1994-1995 жылдары - Ленин аудандық әкімшілігінің әкімі.
- 1995-2001 жылдары - Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі.
- 2001-2008 жылдары - Алматы облысы әкімінің орынбасары.
- 2008 жылдан бері Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
- 2014 жылдың тамыздың 20-ынан Алматы облысының әкімі болып тағайындалды.
Марапаттары
- 2008 жылы "Құрмет" ордені
- «Астана» медалі
- «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі.<ref>Амандық Ғаббасұлы Баталов</ref>