Амангелді Әбдірахманұлы Айталы
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Ғалым Амангелді Әбдірахманұлы Айталы (10 қыркүйек 1939 жылы Астрахан облысы, Володар ауылы, Болдырево ауылында туған) — ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері. Философия ғылымының докторы, профессор. ҚР Әлеуметтік ғылым академиясының академигі. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры.
Қазақстан Білім беру ісінің Құрметті қызыметкері. Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы.
Биография
- 1939 жылы 10 қыркүйекте Астрахан облысы, Володар ауылы, Болдырево ауылында дүниеге келген.
Білімі
- 1959 – 1964 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық иниситутын бітірген.
- 1964 – 1967 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (бұрынғы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік иниституты)ның асперантурасын бітірген.
Еңбек жолы
- 1959 жылы Марфин ауданы, Қызылтаң ауылының мектебінде бастауыш сыныбының мұғалімі болған.
- 1968 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогика иниститутында аға оқытушы;
- 1970 – 1983 жылы осы институтта философия және ғылыми коммунизм кафедрасының меңгерушісі;
- 1989 – 1995 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық иниститутында ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры;
- 1996 – 1999 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, философия кафедрасының меңгерушісі;
- 1999 – 2007 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініңнің депутаты.
- 2007 – 2010 жылдары Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің профессоры.
- 2010 жылдан Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық иниститутында профессоры, соынымен қатар «Білім мен тәрбиенің дүниетанымдылық әлеуметтік мәселелерін зерттеу» орталығының жетекшісі;
- 2013 жылдан бастап Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Әлеуметтік саяси пәндер» кафедрасының профессоры , «Білім мен тәрбиенің дүниетанымдылық әлеуметтік мәселелерін зерттеу» орталығының жетекшісі;
Ғылыми шығармашылығы
- Амангелді Әбдірахманұлы 100 ден астам ғылым мақалалардың, 5 монаграфияның авторы.
- Ғылыми қызығушылығы: Этносаясат, этноәлеумет және дінтау
Марапаттары
- 1986 жылы КСРОның «Құрмет белгісі» Орденімен марапатталған.
- 1996 жылы Философия ғылымының докторы (құрметті ғылыми атағы);
- 1996 жылы профессор;
- 1996 жылдан ҚР Әлеуметтік ғылым академиясының академигі;
- 2001 жылы елбасының жарлығымен «Парасат ордені» мен марапатталды.
- 2009 жылы «Қазақстан ғылымының дамуына сіңірген еңбегі үшін» құрметті төсбелгісінің иегері;
- 2015 жылы президент жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат ІІІ дәрежедегі «Барыс ордені» мен марапатталды.
- 2016 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» мемлекеттік медалімен марапатталған.
- Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызыметкері;
- «Білім беру саласының үздігі»;
- Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы.
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}