Амангелді халық театры
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Амангелді халық театры. Әуесқой көркем-өнерпаздардың драмалық ұжымы. Бұрынғы Қостанай облысының Амангелді аудандық Мәдениет үйі жанынан 1937 ж. құрылған. Тұңғыш жетекшісі - ақын Н. Ахметбеков. 1960 ж. ұжымға халық театры атағы берілді. Репертуарында қазақ, орыс әдебиеті классиктерінің пьесалары орын алған. Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Ақан сері - Ақтоқты», Ғ. Мустафиннің «Кек алу», I. Есенберлиннің «Ғашықтар» драмалары т. б. Театр Әуезовтің «Еңлік - Кебек» пьесасын сахнаға шығарды.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>
Дереккөздер
<references/>