Амангелді Смағұлұлы Шабдарбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Амангелді Смағұлұлы Шабдарбаев (1 тамыз 1950, Қаскелең ауданы, Алматы облысы, Қазақ КСР) — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

Қысқаша өмірбаяны

1950 ж. тамыздың 1-і Алматы облысының Қаскелең ауданында дүниеге келген. Ысты руынан шыққан.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Кітап</ref>

Қазақ дене шынықтыру институтын, Мәскеу қаласындағы КСРО МҚК Жоғары курстарын бітірген, оқытушы-жаттықтырушы, заңгер мамандықтарының иесі.

1974 ж. КСРО Қарулы Күштерінде қызмет еткен.

1976 ж. Қазақ КСР Мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне қызметке ауысады. Қызметін жедел уәкіл және аға жедел уәкіл лауазымдарында атқарды.

1986 ж. мемлекеттік қауіпсіздік органдарынан қызметтен кетеді. «Қазмұнайжолқұрылысы» тресінде бастапқыда шебер, кейін бастықтың орынбасары болып жұмыс істейді.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

1992 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің дербес Күзет қызметін құрудың ұйытқысы болды.

1995 ж. қарашада ҚР Мемлекеттік Тергеу комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалады.

1997 ж. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «А» Қызметіне басшылық жасайды.

Орталық мемлекеттік органдарды жаңа астанаға көшіру кезеңінде А.С.Шабдарбаев Президенттің Күзет қызметі бастығының орынбасары болып қайта оралады.

2002 ж. қаңтардан — ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы.

2006 ж. наурыздың 2-інде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен генерал-лейтенант А.С. Шабдарбаев ҚР ҰҚК төрағасы болып тағайындалды. <ref>Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім</ref>

Марапаттары

II дәрежелі «Даңқ» орденімен, сондай-ақ ТМД елдерінің көптеген үкіметтік және ведомстволық наградаларымен марапатталған.

Үйлік жағдайы

Үйленген, төрт баласы бар.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Wikify