Амангелді Нақыпұлы Сембин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Амангелді Нақыпұлы Сембин (9.5.1945, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайылма а. - 2005, Алматы) әнші, педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1976). 1970 ж. Мәскеу консерваториясының вокалдық бөлімін бітірген. 1973 - 75 ж. Италияның Милан қаласындағы "Ла Скала" опера театрында тәжірибе жинақтаудан өткен, сол "Ла Скала"-да ән шырқаған тұңғыш қазақ. 1971 - 73 және 1975 - 80 ж. Қазақ академиялық опера және балет театрында соло-әнші болды. С. Төлеген (Е.Г. Брусиловскийдің "Қыз Жібегінде"), Айдар (А.Жұбанов пен Л.Хамидидің "Абайында"), Біржан (М.Төлебаевтың "Біржан - Сарасында"), Адақ (С.Мұхамеджановтын "Жұмбақ қызында"), Ленский (П.И. Чайковскийдің "Евгений Онегинінде"), Пинкертон (Дж.Пуччинидің "ЧиоЧио-Санында"). Фауст (Ш.Гуноның осы аттас операсында), Адьфред, Герцог (Дж.Вердидің "Травиатасы" мен "Риголеттосында"), Дон Оттавио (Моцарттың "Дон Жуанында"), т.б. партияларды орындады. Оның концерттік репертуарында халық әндері де ("Айнамкөз", "Ақбақай", "Балқурай", "Бурылтай", "Қарғаш", "Шәпибай-ау", т.б.) мол орын алды. Гастрольдік сапармен шет елдерде (Германия, 1969; Чехославакия, 1972; Франция, 1975) болып өнер көрсетті. 1980 жылдан Алматы театр-көркемсурет институтында (казіргі Қазақ ұлттық өнер академиясында) пед. қызметпен (1991 жылдан доцент) шұғылданады. Сембин - "Саз сөздігі" (итальянша-қазақша музыкалық терминдердің сөздігі, 1994), "Ән бағдарламасы" (1994) және "Ән әліппесі" (2001) атты әдістемелік оқу құралдарының авторы. 1972 ж. Бішкек қаласында өткен 4-Қазақстан және Орта Азия аймақаралық орындаушы-музыканттар байқауының лауреаты.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}