Амазонка ойпаты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Amazonriverbasin basemap.png
Амазонка өзенінің алабы.

Амазонка ойпаты - Оңтүстік Америкадағы, сондай-ақ жер шарындағы ең үлкен ойпат.

Ауданы 5 млн кm². Андыдан Атлант мұхитына дейін Гвиана және Бразилия таулы үстірті аралығында, дүние жүзіндегі ең суы мол өзен - Амазонканың алабын алып жатыр. Негізінен палеозойдың теңіз шөгінділері және мезозой-кайнозойдың құрылықтағы шөгінділерімен толықтырылған Оңтүстік Америка платформасының синеклизасында орналасқан.

Климаты ыстық (айлық орта температурасы -24-28С) және ылғалды (жылдық орта жауын-шашын мөлшері 1500-3000мм). Амазонка ойпаты Батыс Амазонка және Шығыс Амазонка ойпаты болып екіге бөлінеді.

Батыс Амазонка ойпаты

Батыс Амазонка ойпаты – өте кең (1600км дейін), тегіс жазық. Климаты экваториалдық, үнемі ылғалды. Өзендері баяу ағады. Пальма, гевея, какао ағаштары өседі. Батыс Амазонка ойпатында жалпақ тұмсық маймылдар, құмырсқа жегіш; қос мекенділерден тапир, пекар; құс және бауырымен жорғалаушылар көп.

Шығыс Амазонка ойпаты

Шығыс Амазонка ойпатының (Риу-Негру мен Тапажос өзендері сағасынан шығысқа қарай) ені тар (350 км-ге дейін), шет жақтарында палеозойдың теңіз шөгінділері мен докембрийдің кристалды жыныстары ашылып жатады. Шығыс Амазонка ойпатыны көп тілімделген. Климаты субэкваториалдық. Селдір орман өседі, қызыл топырақты жері ойдым саванналар. Шығыс Амазонка ойпатында жануарлардан құмырсқа жегіш, бұғымазам, кеміргіштер көп. Амазонка ойпатында халық сирек қоныстанған. Негізгі қатынас жолы – өзен. Марганец, темір кені, Мадейра маңында мұнай бар.


Галерея

Дереккөздер