Амазонкалар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Amazonomachia Louvre Ma2119 2.jpg
Гректердің амазондармен шайқасы

Амазонкалар ежелгі грек мифтеріндегі жауынгер әйелдер. Қара теңіздің оңтүстік-шығыс жағында, Кавказ, Трапезунд, Азу таулары маңында өмір сүрген. Кейбір деректерде амазонка сөзі “омыраусыз, емшексіз” дегенді білдіреді.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref> Қару-жарақ ұстауға қолайлы, әсіресе, садақ тартуға ыңғайлы болсын деп, жас кезінде қыздардың оң жақ омырауын күйдіріп не кесіп тастаған. А. шапқыншылық жорықтар жасап, бірте-бірте Қара т-дің солт. жағалауына, Кіші Азияға, Фракия мен Аттикаға, Африканың оңтүстігіне дейін жеткен. Страбо — : Амазондардың негізгі қаруы жақ, садақ, ай пішінді қалқан болған. Дулығасынан бастап бүкіл киімдері аң терісінен тігілген. Садақты алға да, артқа да бірдей ататын мерген болған дейді. Кейбір зерттеушілер (Ә.Қоңыратбаев т.б.) қарақалпақ халқының “Қырық қыз” эпосы мен грек мифтеріндегі Амазондар арасында ұқсастық бар деген болжам айтады. <ref>Денисон., История конницы, СПб, 1890</ref>; <ref>Косвен М.О. Амазонки. История легенды, Советская этнография, 1947</ref> Көптеген ғалымдардың айтуы бойынша олар сарматтарға (савроматтарға) ұқсас келген.

Дереккөздер

<references/>