Алқа (зергерлік бұйым)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Otheruses Алқа - бірнеше бөлік асыл тастардан, түрлі-түсті шыны көздер орнатылған бірнеше алақаннан тұратын, топсалы шынжыр арқылы тағылатын мойын әшекейі. Алқаны жасөспірім және бойжеткен қыздар, жас келіншектер таққан. Алғашында алқа дөңгелек алқа - бірнеше бөлік асыл тастардан, түрлі-түсті шыны көздер орнатылған бірнеше алақаннан тұратын, топсалы шынжыр арқылы тағылатын мойын әшекейі. Алқаны жасөспірім және бойжеткен қыздар, жас келіншектер таққан. Алғашында алқа дөңгелек пошымда, әрі әшекей ретіндс тағылғанымен, бертін келе оның түр-сипаты өзгеріп, тұмарша түріне, дәлірек айтсақ, үзбелі салпыншақты пішінге ауысқан. Алқа моншақтан тізген асыл тастардан, алтын мсн күмістен соғылып, бетінс асыл тас қондырып, ою-орнеістеп, салпыншақты стіп жасалады. Алқа бірнешс бөліктен тұрады: алақан - бір-бірімсн топса арқылы байланысатын жалпақ күміс немесе күмістелген қаңылтыр (оны кей жерде тақта деп те атайды); алаңанбау - мойынға байлайтын жібек жіп немесе күміс шынжыр; аяқ - алқаның шынжырлары, салпыншағы; қас - алқа көзіндегі тас; қоза - шар сияқты ұсақ домалақ әшекей; тойнақ бекітілген топса тәрізді тетігі. Алқа түрлері өте көп: алқатас - жіпке тізген моншақты асыл тас. Алтын алқа- алтын жалатылған өңір-жиек; алтын жамбалы алқа - кесек алтыны бар я сом алтыннан соққан, шоқ орнатқан алқа; бойтұмар алқа - әшекейленген тұмардыц өзі; дан алқа - ертеде қызметі, лаузымы жоғары адамдардың мойнына тағатын белгісі. Сондай-ақ, салпыншағы мол, бірнеше шашақты сәнді зер шашақты алқа; көлемі шағын көкірекше алқа; шар тәрізді сылдырмақтармен әшекейленген қозалы алқа; екі қатар етіп алтын-күмістен соққан қос алқа; төрт бұрышты екі алақаннан (пластинкадан) тұратын қос тақта алқалар кездеседі. ҚР MOM қорында сақтаулы күміс алқаның шынжырының ұзындығы 22 см, салпыншақтарының ұзындығы 17 см. Мойынға ілетін шынжырдан төмен қарай аяқ деп аталатын тағы да қысқа шынжырлар бекітілген. Олардың ұштарына сөлкебай деп атаған Патшалық Ресейдің күміс ақшалары мен бес дана ақық тағылған. Бес дана ақықты металмен қырсаулап, қоза етіп жасаған және үшкіл пішінге келтірілген сіркелеу техникасымен әшекейленген. Жиектерін айналдыра сым жүргізіліп, олардың да іші сіркеленген. Қырсауланған қоза тәрізді ақықтар сөлкебай салпыншақтардың арасына тағылған. Оның біреуі мойынға тағатын шынжырдың ұшы тойнақпен жалғастырылып, шынжырды тұйықтап бекітуге арналған топса салынған. Бұларға қосымша ұзынша собық тәрізді қоза және екі дөңгелек гүл пішінінде перузадан коз салынған шытыра орнатылған.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Алқа (зергерлік бұйым)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}