Алғы сөз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алғы сөз — белгілі бір шығармаға арналып жазылған түсініктеме. Негізгі текстің алдынан беріледі. Автордың өмірі, шығарманың мақсаты, түрі, жазылу себебі, құрылысы, маңызы т.б. жөнінде мәлімет келтіріледі. Кімнің жазғанына байланысты Алғы сөзді түрлендіріп беруге болады (“Редактордан”, “Автордан”, “Құрастырушыдан”, “Аудармашыдан”, “Баспадан” т.б.). А.ЖұбановтыңҚұрманғазымонографиясына (1960), С.МұқановтыңМөлдір махаббатроманына (1959), М.МақатаевтыңҚош бол, махаббат” кітабына (1988) жазылған Алғы сөз таңдаулы үлгіге жатады. Кейде Алғы сөздің міндетін соңғы сөз атқарады. Әдеби шығарманың беташары секілді берілетін алғы сөзді аңдату деп атайды.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}