Алюминотермия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алюмотермия(Үлгі:Lang-el) — кейбір баяу балқитын металдарды алу кезінде тотықсыздандырғыш ретінде алюминий қолданылады, өйткені алюминий тотықканда өте көп жылу бөліп шығарады. Бұл реакцияны шағын ыдыста өткізсе, 3500 °-қа дейін қызу береді. Бұл әдісті баяу балқитын таза металдарды хром, берилий, марганец, молибден және т. б. тотықтарынан ұнтақ алюминийді қосып өңдеу процесін алюминотермия дейді. Оны орыс ғалымы Н. Н. Бекетов ұсынған. Алюминийдің басқа металдарды олардың оксидтерінің құрамынан ығыстырып шығаруының ашылуы алюмотермия процесіне негіз болды. Қазіргі металлургияның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — кейбір металдарды аса таза күйінде бөліп алуда мұның маңызы ерекше зор. <ref> Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 </ref>.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}