Алюминоз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алюминоз пиротехникада және бояу дайындауда, электролиз цехтарда бокситтерден алюминийдi өндiрушiлерде, ұнтақ тәрiздi алюминиймен жұмыс iстейтiн адамдарда кездеседi. Алюминоздың клиникалық-рентгенологиялық сурет сидерозға қарағанда айқындау болады. Алюминоздың бастапкы сатыларында-ақ ентігу, кеудеде ауру сезiмi, жөтел, жалпы әлсiздiк сиякты шағымдар пайда болады. Обьективтік түрде созылмалы бронхит пен өкпе эмфиземасының белгiлерi аныкталады. Алюминоздық пневмокониоздық үрдiс үдеген сайын аталған өзгерiстер күшейе түседi, тыныс алу жеткiлiксiздiгiнiң белгiлерi пайда болады. Рентгенограммада өкпе көрінісінің күшеюi және деформациясы аныкталады, бұл кезде дөнгелек пiшiндi айқын контурлы көптеген түйiн тәрiздi түзiлiстер көрiнедi. Өкпе түбiрлерi тығыздалған, олардың құрылымы өзгерген. Алюминоздың патоморфологиялык суретiнде өкпеде тін аралық склероз дамиды, сонымен қатар, альвеола аралық перделерде қантамырлар мен бронхтар айналасында дәнекер тіннің өcyi байқалады.
Альвеолалардың саңылауында шан бөлшектерi мен алюминийдің ошақтары жиналады. Өкпе тін аралықтары қалыңдаған, кейде бронхоэктаздар, майда және ipi ошақты эмфиземалар кездеседi. Фиброздық тіннін дамуы нәтижесiнде бифуркациялық лимфа түйiндердiң ұлғайғаны және тығыздалғаны байқалады. Алюминоз кезiнде негізгі ем және еңбекке жарамдылық сараптау силикатоздағыдай болады.

Алдын алу шаралары

Металдарды өңдеумен, пiсiрумен, кесумен, шашыратып қаптаумен және оларды балқытумен, темір ұнтақтарын өндіретін, металдық заттарды жасаумен айналысатын адамдар 24 айда 1 рет кезектiк медициналық тексеруден өтiп туруы қажет. Медициналық тексерулер мiндеттi түрде терапевт пен отоларингологтың катысуымен жүргiзiледi. Қосымша зерттеу әдiстерiне кеуде қуысының мүшелерiнiң рентгенографиясы, спирография, пневмотахометрия т.б. жатады. Металл шаң-тозандармен жұмысқа қарсы көрсеткіш басқа өндiрiстегi аэрозолдармен жұмыс істегендей. Органикалық шаң-тозаңдар әсерінен дамитын пневмокониоздар. Өкпенің кәсiптiк аурулары органикалық шаңнан жиi дамиды. Органикалық шаңдарға өсiмдiк текті (дән, мақта, тұты құрты), синтетикалық (пластмасса, полимерлi шаңдар, бояу шаңы, аэрозоль) және ауылшаруашылық шаңдар жатады.
Органикалык шаңдардан жиi дамитын пневмокониоздарға биссиноз (негiзiнен бронхтардың зақымдалуы) және «фермер өкпесi» (өкпенің альвеола деңгейіндегі экзогендi аллергиялық альвеолит түрiнде зақымдануы) жатады. Биссиноз мақта, зығыр және пенька шаңдарын жұтумен байланысты пайда болған өкпе ауруы. Патогенезi толық анықталмаған. Осы шаңдардың түрлерi антигендiк немесе табиғатты биологиялық белсендi заттардан тұрады, олар бронхтардың тегіс бұлшықетiне тiкелей есер етiп, олардың тұншығу ұстамасынан тұратын бронхоспазмын шақырады. Әдетте ең ауыр тұншығу ұстамалары дүйсенбi сайын пайда болады («дүйсенбi» симптомы), ал аптасының аяғына қарай олардың белгiлерi азаяды немесе жоғалады.
Биссиноздың клиникалық суретiнде бронхоспастикалық компонент негiзгi синдром болып табылады. Дәрежесiне байланысты аурудың 3 сатысын ажыратады. l-сатысында бронхоспазм ұстамалары жұмыс басталғаннан кейiн бiрнеше сағаттан кейiн пайда болады, жұмыс күнiнiң аяғын да жойылады. Ұстамалар қиындаған тыныспен, кеуде қуысындағы ауырлық сезiмiмен, тамақтың ашып, құрғау сезiмiмен сипатталады. Жөтел, жалпы әлсiздiк, тез шаршағыштық пайда болады. Өкпеде құрғақ сырылдар естiледi. Кейде дене температурасының аздап жоғарылауы байқалады. II-сатысында ұзақ, әрі айқын тыныс алудың қиындау ұстамалары, әсіресе дүйсенбi сайын, яғни демалыс күндерiнен кейiн пайда болады. Науқастарды аз мөлшерде қиын бөлiнетiн қақырықты жөтел немесе құрғақ, тұрақты жөтел мазалайды. Өкпеде аз мөлшерде кұрғақ сырылды қатаң тыныс едәуір қашықтықтан естiледi. Тұншығу ұстамалары органикалық шаңдарды жұтудан, сонымен қатар, метереологиялық жағдайлардың өзгеруiнен, физикалық күш түсуден, темекі шегуден пайда болуы күшейеді. Биссиноздың III-сатысында ауыр созылмалы бронхитке тән ауыспалы көріністерімен және өкпе эмфиземасымен бiрге жүредi. Бұл жерде тыныс алу жеткiлiксiздiгi, өкпелiк жүрек дамиды, жиi пневмония қосылады.

Клиникалық-рентгенологиялық көрінісі

Клиникалық-рентгенологиялық көрінісінде биссиноздың I-caтысында-ақ өкпе эмфиземасының белгiлерi байқалады. Биссиноздың I-сатысына және бронхоспастикалық компонентінен айқындылығына байланысты бұндай науқастарда тыныс алу қызметінің тұрақты немесе кезектi түрде бұзылуы болады. Биссинозға қақырықта бронх демiкпесi элементтердің болуы және қанда эозинофилдердің саны жоғарылауы тән емес. Асқынбаған биссиноздың ағымы әртүрлi болады. Әдетте биссиноздын I-сатысында науқастар өздерiн сау деп есептейдi, себебi, ұзақ уақытқа дейiн оларда тұншығу ұстамалары әлсіз байқалып, үдемейдi және жұмыс істеуге әсер етпейді. Биссиноздың тез үдеуіне және онын ауыр ағымына әдетте жіті респираторлық аурулар және тыныс жолдарының инфекциясы әсер етедi. Мұндай кезде биссиноз созылыңқы ағымға ие болады, тұншығу ұстамалары шаңмен байланысты тоқтатқаннан кейiн де қайтпайды, тыныштық жағдайдың өзiнде ұстамалар пайда болады. Сөйтiп созылмалы бронхит қосылады, өкпе эмфиземасы, тыныс жетіспеушiлiгi және өкпелiк жүрек дамиды. Асқынбаған биссиноздың патологиялық-анатомиялық суретiнде өкпе эмфиземасының белгiлерiмен ғана сипатталады. Асқынған биссиноз кезiнде созылмалы шаңды бронхит кезiндегiдей өзгерiстер анықталады. <ref>«КӘСІПТІК АУРУЛАР» Бекмурзаева Э.Қ., Сейдахметова А.А., Сейдалиева Ф.М., Абдукаримова Ж.М., Умиралиева Г.А., Ибрагимова Р.Б., Садыкова Г.С., Қорғанбаева Х.Т., Байдуллаев Б.М., Азизова А.А., оқу құралы, Шымкент 2012 </ref>

Дереккөздер

<references />