Алюминий кентастары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алюминий кентастары – өндірістік мақсатта алдымен алюминий оксидін (Al2O3), кейін электролиз жолымен алюминий алуға жарамды минералдық шикізат. Жердің беткі қабаты – литосфера 8,2% алюминийден тұрады. Алюминий мөлшері жағынан оттегі (46,6%) мен кремнийден (27,7%) кейінгі 3-орында. Алюминий 500-ге жуық минералдардың құрамында кездеседі. Олардың 300-дейі алюмосиликаттар, 76-сы фосфаттар, 47-сі оксидтер, 33-і сульфаттар, 12-сі фторидтер, 5-еуі хлоридтер. Негізгі Алюминий кентастары диаспор, гиббсит, бёмит, диккит (каолинит), алунит, нефелин, лейцит. Бұл минералдардың алғашқы үшеуі боксит тау жынысын құрайды, ал қалғандары алюмосиликаттарға жатады. Дүниежүзілік тәжірибеде алюминийдің 75 – 80%-ы бокситтен өндіріледі. Боксит емес кентастардың ішіндегі геологиялық, экология және экономика жағынан тиімдісі – нефелин-лейцит кендері. Олардың Қазақстан жерінде мол қорлары ашылған. Нефелин-лейцит жыныстарынан алюминий оксидінен басқа 30-дан аса бағалы заттар: сілтілі элементтер (K, Na, Lі, Rb, Cs), сондай-ақ сирек металдар: (Zr, Ga, Sc, Nb, Ta, La, Ce, т.б.) алынады. Қазақстанда Алюминий кентастары Торғай боксит аймағында өндіріледі.<ref> Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том; </ref>

Сілтеме

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Алюминий кентастары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}