Альфред Норт Уайтхед

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Философ

Альфред Норт Уайтхед (1861-1947) - логик, математик және философ, Лондон және Гарвард университеттерінің профессоры. Расселмен бірге математикалық логикаға негіз болған еңбектің авторы ("Principia Mathematica", 1910-13). Табиғаттың өзгергіштігі мен тұрақтылығы арқылы физикадағы дағдарысты шешуге тырысу әрекетін Уайтхед "процесс" ретінде түсінді. Табиғатты "тәжірибе" деп анықтау Уайтхедті реализм мен идеализм элементтерін бойына сіңірген неореализмге әкелді. Кейіннен Уайтхед объективтік идеализмге ауысты. Әлемдік процестер, Уайтхед бойынша "Құдайдың тәжірибесі", бұнда объектілер (универсалдар) идеалды әлемнен ("Құдайдың жасампаздық табиғаты") әлемге ауыса отырып, "оқиғаны" сапалық жағынан айқындады. Уайтхед социологияда жеке адамның ("Ғылым адамдарының") ролін асыра дәріптеу арқылы тарихты тізгіндейтін күшке айналдыруға болады дейтін идеяларды біріктіре отырып, "түптің-түбінде ел әлемді басқаратын болады" деп тұжырымдады.

Негізгі шығармашылықтары:
  • "Процесс және шындық" (1929);
  • "Идеялардың басынан кешкендері" (1933).

Дереккөздер

<ref>Қазақ Энциклопедиясы - "Философиялық сөздік"</ref>