Альтруизм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:FEMA - 15337 - Photograph by Andrea Booher taken on 09-10-2005 in Texas.jpg
Катрина дауылында зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатқан еріктілер (волонтерлер)

Альтруизм (Үлгі:Lang-la - өзге, Үлгі:Lang-fr) - басқалардың мүддесі жолында өз мүддесінен бас тартуға дайын моральдық принцип, басқаларға риясыз қызмет етуге тырысу. Эгоизмге (Үлгі:Lang-la - мен) қарама-қарсы және оны жаншып басуға бұйырады; бір түрдің қимыл әрекетімен басқа түрдің өмір сүру бейімділігінің артуы ал өз бейімділігінің төмендеуі.

Кейбір жануарлардың мінез-құлқы оның өзінің көбейуіне кедергі келтіріп ал бірақ сол популяцияның басқада өкілдерінің көбейуіне әсер етсе мұны альтуризмнің бір түрі деп санауға болады. Альтруистік мінез-құлық ағзалардың эволюциялық даму жолында ерекше орын алады — егер популяцияның көпшілік өкілдері сол жолда болған жағдайда.<ref name="name">Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3</ref>

Ұғымды мораль теориясына енгізген француз философы әрі әлеуметтанушысы О. Конт. Ол бойынша альтруизмнің - "басқалар үшін өмір сүр" - қағидасы қоғамды моральдық тұрғыда жетілдіруге көмектеседі. Альтруизм идеясы көне- шығыс өнегелік ілімдерінде көрініс тапқан. Жаңа заманда альтруизм жайлы толғамдарды ағылшын философ-моральшысы А. Шефтсбери өрбітті, этикалық ілімдердің негізгі бөлігі ретінде Ф.Хатчесонның, Адам Смиттің, Ж.Ж. Руссоның және басқаларының этикалық ілімдерінің құрамдас бөлігі ретінде қаралды. XIX ғ. басы XX ғ. ресейлік православиелік философиялық ой (К. Н. Леонтьев, Н. А. Бердяев) буржуазиялық-демократиялық моральды сынау барысында альтруизмді де сынға алды. П. А. Кропоткиннің этикасында альтруизм, басқа да өнегелік сезімдер сияқты өзін-өзі қорғауға жағдай туғызады.

Марксистік этикада коммунистік өнегеліктің негізгі қағидасы өзінің және өзгелердің мүдделерін қарсы қоюдан тұрмайды, керісінше, барлық еңбекшілердің мақсаттарының ортақтығына негізделген бірлігі деп сендірді. Буржуазиялық қоғамда альтруизм жеке қайырымдылық, рақымшылық ретінде түсіндірілді.<ref>Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7</ref>

Әлеуметтік биологияда (Э.О. Уилсон, М. Рьюз және басқалар) адамдар альтруизм мен эгоизмге бейімдікті биологиялық жолмен иеленетінін алға тартады. Альтруизм - басқалардың пайдасы үшін өзін құрбандыққа шалатын мінез-құлық. Марапат пен мадақтау күтпейтін санасыз альтруизм (альтуризмнің бұл түрі барлық түрілерде басым) және саналы, яғни, жауап ретінде өзіне игіліктер күтетін, тек адамға ғана тән түрі. Даму тұрғысынан қарағанда альтруистік қылық тірі сақталып қалу жолында мол мүмкіндіктер береді деген пайымдаулар да бар (У.Д. Гамильтон).

Өз мүддесін басқаның мүддесінен төмен қоятын альтруизмді адамды өз болмысында қоғамдық игіліктерге жетуге бағыттайтын ұжымдықтан ажыратып қарау керек. Альтруизм адамның белгілі бір жағдайлардағы жекелеген іс-әрекеттерінен де көрінеді, сондай-ақ жалпы саналы құндылықтың өмірлік ұстанымын білдіруі мүмкін. Соңғы жағдайда альтуруизм адам өмірінің мәніне айналады. Шектен шыққан түрінде (бәрін кешіру, құрбан болғыштық) ол жеке тұлғаның жағымсыз мінезіне айналады. Жалпы алғанда, альтруизм адамгершіліктің әлеуметтік-психологиялық көрінісі ретінде аса маңызды рөл атқарады.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Biosci-stub