Альпі мұздығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Альпі мұздығы (Альпийский ледник) — қарапайым аңғарлық мұздық.

Тау циркі шегінің ар жағынан бір аңғармен түсетін қазіргі кезендегі тау-аңғарлық мұздықтың бір түрі. Қоректену аймағының еру аймағынан (мұздықтың тілі) морфологиялық жекеленуімен сипатталады. Морфологиясы бір-бірінен айқын ерекшеленеді. Мұздық циркін алып жататын қиыршық қарлы (фирн) алаң ойыс бетті болып қалыптасады. Еру алаңы — мұздық тілі тау аңғарымен төмен жылжыған дөңес бетті келденең бітімді болып келеді. Бірінші қиыршық қар алаңы климаттық қар шекарасынан жоғары, ал еру аймағы төменде болады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.</ref>

Альпі мұздығы - бір ғана аңғармен тау циркінен төмен карай түсетін таулық-аңғарлық мұздықтың жұпыны типі. Альпі мұздығы, әсіресе Альпі тауына тән, сонымен катар Кавказ, Памир, Тянь-Шань және тағы да басқалары тау жүйелерінде кездеседі. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Альпі мұздығы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}