Альменда

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Plan mediaeval manor.jpg
Орта ғасырғы Англияның жеріндегі альменда. Картаның солтүстік-шығыс бөлігінде қауым мүшелерінің «ортақ» жалпы пайдалануындағы жерлер жасылмен белгіленген

Альменда (Үлгі:Lang-de, al(ge)meinde немісше - "бәрінің меншігі"– орта ғасырдағы Батыс Еуропа елдерінде қауым мүшелерінің жалпы пайдалануында болған жерлер (жайылым, шабындық, орман-тоғай, бос жатқан жер т.б.). Альмендаға жыртылған жерлер енбейді. Олар феодалдардың меншігінде болды.

Товарлы-ақшалы қатынастарының дамуына байланысты Альменда көлемі барған сайын азайып, құрыды. Тек кейбір елдерде (Германия, Швейцария, Скандинавия т.б.) Альменданың қалдықтары жаңа дәуірде де сақталды.

Қазіргі заманда Альменда ешбір жерде жоқ.

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
  • Альменда // Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона: В 86 томах (82 т. и 4 доп.). — СПб., 1890—1907