Альма

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Өзен Альма (украинша) немесе Алма (қырым татарша) - Қырым түбіндегі өзен

Ұзындығы 83 км. Бабуган-Яйла тауының солтүстік беткейінен басталып, Қаратеңіздің Қаламит шығанағына құйылады. Орта есеппен жылына 2 ай, кейде 6 ай құрғап қалады. Орташа су шығыны 1,2 m³/сек.

Аз уақыт қана қатады, кей жылдары қатпайды. Саға тұсының суы жер суаруға пайдаланылады, аңғарында бау-бақша өсіріледі.

Қызықты дерек

1854 жылдың 8 (20) қыркүйегінде (1853-56 ж. Қырым соғысы барысында) ағылшын-француз-түрік бірлестік әскері орыс армиясын талқандаған. Осы жеңіс мәңгі есте қалу үшін Парижде Сена өзенінде Альма көпірі соғылған.

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
  • Үлгі:Commonscat-inline