Альбина Советқызы Жанбосынова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Альбина Советқызы Жанбосынова — тарих ғылымының докторы (2010), профессор.

Өмірбаяны, еңбек жолы

1964 жылы 27 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Күршім ауылында туған.

Өскемен педагогикалық институтын (1987, қазіргі Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті) бітірген. Осы университетте оқытушы (1992-99), декан (1999-2001), Тарих, психология жəне мəдениет институтының директоры (2001-05), кафедра меңгерушісі (2009-10). Қазіргі уақытта Еуразия ұлттық университетінде профессор.

Ғылыми еңбектері

Негізгі ғылыми бағыты Қазақстан тарихының жаңа жəне қазіргі заман кезеңін, Кеңес мемлекеті кезіндегі қуғын-сүргін саясатын, күштеу тəсілдерін зерттеуге арналған.
"ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы Кеңес мемлекетінің қуғын-сүргін саясаты (Шығыс Қазақстан аймағының негізінде)" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
250-ден астам ғылыми-әдістемелік еңбектің, соның ішінде монографиялар мен оқу құралдарының авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер