Алшынбай Рақышев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Алшынбай Рақышев (19.4. 1931 жылы туған, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Т.Әубәкiров ауылы — 21.4.2020) – медицина ғылмының докторы (1968), профессор (1969), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академик (2003). Арғын тайпасы, Қаракесек руының Қамбар бұтағынан шыққан.<ref>«Қаракесек шежіресі», екінші том, Павлодар, «ЭКО» ЖШС баспаханасы, Т.А. Еңсебаев . Кітаптың таралымы – 500 дана. 2017</ref>

Ғылыми еңбектер

«Источники формирования тазового сплетения» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Негiзгi ғылыми еңбектерi адамның жүйке клеткаларының морфологиясын зерттеуге арналған. Рақышев вегетативтiк жүйке жүйесiнiң морфологиялық-функционалдық құрылымдарын, шеткi жүйке жүйесiнiң регенеративтiк қабiлетiнiң жолдары мен ерекшелiктерiн зерттедi. Гелий-неон лазер сәулелерiнiң жүйке және тамыр жүйелерiне әсер ететiн заңдылықтарын анықтады. 30 жылдан астам ұлттық медицина терминдерi мен атауларын құрастырып, оларды бiр iзге түсiрумен шұғылданды. Рақышевтың 150-ден аса ғылыми еңбектерi мен 18 монографиясы жарық көрдi.

Марапаттар

«Құрмет» орденімен (2005) марапатталған.<ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub