Алуа суару жүйесі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Алуа суару жүйесі, Нұра өзенінің жайылмасында, Ақмола облысының Целиноград ауданында. Қолданысқа 1965 жылы берілген. Аумағы 12,8 мың га.

Бастапқы күрделі қондырғысы Алуа елді мекеніндегі Еңбекші қонысы тұсында тұрғызылған; мұнда Нұраның тасыған жайылма ағыны және көктемгі қар суын толық бір шараға жинайтын бөгет (секундына 101 м3 су өткізіледі) салынған. Жүйедегі дамбалық топырақ үйіндісінің жалпы ұзындығы 108,2 км-ге жетеді. Аудан шаруашылықтарына 29 реттеуіш (әрқайсысы секундына 10 – 50 м3 су жібереді) арқылы су бөлінеді. Жүйе негізінен шабындықты суарады және суландырады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Суретсіз мақала