Алты (тоғыз) қатын жортақай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алты (тоғыз) қатын жортақай - дәстүрлі неке салтында күйеу жолдас тарапынан берілетін кәде түрінің атауы. Қыз жеңгелерінің күйеу жігіттің қасына еріп келген күйеу жолдастан «жортақайын», яғни кәдесін талап етеді. Күйеу жолдас жортақайын бермесе, алты қатын (шынында онан да көп) жабылып тартып алуға тырысады. Жетісудің кейбір жерлерінде құдандалық салтында ойналатын ойын түрі де алты (тоғыз) қатын жортақай деп аталады. Осы тектес басқа да ойындардың негізгі мәні кәде алу үшін жасалады. Сондықтан тиісті кәдесін беріп құтылады. Мысалы, келген құдаларын күтуші әйелдер кіші құдаларды әжуалап, бетіне айран, ұн жағу кәдесін жасайды. Мұндайда кіші құдалар әйелдерге сыйлықтарын береді. Кәде сыйын бермей бұлтарса, құда жағының біреуін еңбектетіп қойып, алты әйел аттай мінген ишарасын жасайды. Солтүстік өңірде осының параллелі ретінде құданы арбаға жеккен.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Алты (тоғыз) қатын жортақай|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}